Мектеп тарихы » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғаш білім ошағы ретінде өз есігін 1930 жылы бір мұғалліммен 18 шәкіртпен ашқан .Ол мектеп 1941 жылы, Ұлы Отан соғысына мектеп мұғалімі аттанғанша жұмыс істеген. Содан мектеп 1946 жылы соғыс аяқталған соң Исағожа Бажақбаев басқаруымен 4 жылдық бастауыш мектеп болып 1960 жылға дейін жұмыс жасап келген. 1960 жылдан 7 жылдық болып ауыстырылып, онда 9 мұғалім, 80 оқушы болған. 1965 жылы 9 жылдыққа ауыстырылып, онда 13 мұғалімнен, 91 оқушы білім алған. Мектеп өз есігін уақыт талабына сай орта мектеп ретінде 1967 жылы "Ақтам ұйғыр -қазақ орта мектебі" атауымен ашқан.
Мектеп осы жылдар ішінде 62 Алтын белгі иегерін, 6 "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі", көптеген үздік, үлгілі аттестаттармен бітірген мектеп түлектерін ұшарып шығарды. Олар бүгінгі күнде республикамыздың түрлі өндіріс салаларында жемісті еңбек етіп келеді.
Мектеп 2007 жылы жаңа типтегі "Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік мекемесі болып жаңа атаумен ашылды.
Мектепті 1999 жылдан 2019 жылға дейін Измахунов Октябр Тұрғанұлы басқарып келді.

Қазіргі таңда яғни 2021 жылдан бастап Диқанбай Қарлығаш Тоқтарқанқызы басқарып келеді 
Білімі - жоғары. Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі".
Мектеп бүгінгі күнде өз үрдісінде "Оқу - тәрбие ісін диагностика негізінде ұйымдастыру, 12 жылдық білім беруге бетбұрыс" атты өзекті мәселе бойынша жұмыс жасайды.
 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Ақтам орта мектебі
24 февраль 2020 Мектеп мекенжайы