қыздар жиналысы » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2024

қыздар жиналысы

         «Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ –нің                                  7-11   сынып қыздары арасында  05 қыркүйек   күні  өткізілген жиналыстың                                                  

ХАТТАМАСЫ 1

                                                                                           Қатысқаны-42  қыз

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Қыздар арасында тәртіп,сабаққа қатысуы, мектеп ережесі  жайлы /ДТІЖО А.Е.Абдилдаева/

2 «Мектеп ережесі мен мектеп формасы»тақырыбындағы түсіндірме жұмысы

/ Аналар кеңесінің төрайымы ш.Теипова/

3. Ағымдағы мәселелер 

         Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша: ДТІЖО А.Абдилдаева    сөз алып, қыздар арасындағы тәртіп тәрбие,сабаққа қатысу, мектеп ережесі және оқу құралдарының ұқыпты ұсталуы   туралы айтып өтті.  Қыздарды достыққа шақыра отырып бір бірін сыйлауға, құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақырды. Қыздар  ибалы,тәрбиелі болуының өте маңызды екендігін , киімдерін таза киюі, боянатын заттардан аулақ болуы жайлы, табиғи сұлулықты сақтау керектігін және  бірін-бірі ренжітетін артық сөздер айтуға болмайтындығын айтты.

2-ші мәселе бойынша аналар кеңесінің төрайымы Ш.Тейпова сөз алып 7-11   сынып қыздарына жалыпы қыз баласы білуге тиіс қағидалар мен метеп ережесі туралы және оны қатаң түрде сақтау туралы айтып өтті. Мектеп екінші үйлері екенін, ұстазды құрбыны құрметтеу үлкен жауапкершілік екенін түсіндірді

          Ағымдағы мәселе бойынша  Мектеп директоры Б.С.Джакипова сөз алып сабақ  барысында,мектепте жүрген уақытта  қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігін ескертті. Беймезгіл уақытта дүкенге бармау, ата-ананың рұқсатынсыз көшеге шықпау,кешкі уақытта көшеде жүрмеу, көшеде жерде жатқан үзілген сымдарды ұстамау, пиротехникалық жарылғыш заттарды қолданбау  және т.б. үйде де  қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін  атап өтті. 

Сөз сөйледі: 

  - 10 а    сынып оқушысы Алижан Айша: Жиналыс барысында  айтылған ақыл –кеңестері мен ескертулеріне қосылатындығын,сынып қыздарының ауызбіршілігінің жақсы екендігін және де басқа сыныптың қыздарымен де  дос екендігін атап өтті.

- 10 ә сынып оқушысы Абухелилова Шахина: аналар кеңесінің төрайымына мектепке келіп ақыл кеңесін беріп, өз ойын бөліскені үшін рақмет айтып мектеп ережесін сақтауға уәде етті.

Шешім    қабылданды: 1. Мектеп ережесі    қатаң сақталсын.

        2.  Жиналыс барысында айтылған ақыл –кеңес  үнемі орындалсын

        3.  Қыздар арасында әлімжеттік жағдайларына жол берілмесін 


ДТІЖО             А.Е.Абдилдаева