Қамқоршылық кеңес хаттамалары » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

Қамқоршылық кеңес хаттамалары

«Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамқоршылық кеңесінің

Хаттамасы   №1


Мерзімі: 13.01.2022 ж                                   Қатысқандар: 9 адам       

Жиналысқа қатысқандар:

Кеңес төрағасы  Ш.Теипова

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

1 .Ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Ажыбаев Б. 

2. Жеке кәсіпкер Имамниязов Р

3.Ауылдық округ әкімінің бас маманы  А.Көжекбаев

4. Ата-ана Абиырқызы С 

5.  Ата-ана комитетінің төрағасы Нукеева Г

Қатысқандар:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасры:: А.Давлетов

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Джакипова

3.Әлеуметтік педагог :   Т.Тепеев


Күн тәртібі:

1.2022 оқу жылының қаңтар айында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен  қамту мақсатында ата-аналардан түскен өтініштерді қарау.

2. Өзге санатқа жататын отбасыларды анықтау 

3.Отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты жалға алушы есебінен бір мезгіл ыстық тамақ ішетін оқушыларды анықтау. 

         Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрағасы Ш.Тейпова   жиналысты ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Джакипова  сөзге шығып  2021 жылы желтоқсан айында отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамту үшін  10 отбасынан (23 өтініш) түскенін айта келе    осы өтініштерді қарауды ұсынды.

Тыңдалды: Кеңес төрағасы Ш.Тейпова өз сөзінде ұсынысты қабылдап ыстық тамақпен қамту үшін өтініш берген отбасылардың әлеуметтік –материалдық жағдайын анықтау үшін, қамқоршылық кеңес мүшелері үйлерді аралап тексере отырып, отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты 10 отбасының құжаттарымен кеңес мүшелерінің танысып шығуын және өзге санатқа жататын отбасыларды анықтауды ұсынды.

Сөйледі :

Кеңес мүшесі Айдар Көжекбаев сөзге шығып, кеңес мүшелері ата-аналардың өтініштері және құжаттарымен танысып шыққандарын, және осы аталған отбасылардың  құжаттары толық деп есептеп, осы аталаған 10 отбасын өзге санатқа енгізуге болатындығын ұсыныс етті. Өзге санатқа жататын 10 отбасының құжаттарын дұрыс деп танып, 23 баласына жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен  қамту ұсынылды/өзге санат отбасы және балалары туралы мәліметтер қоса берілген/

   Отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты 7 отбасының 10 баласына жалға алушы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамту  қажеттігін айтты.(отбасы және балалары туралы мәліметтер қоса берілген)

       Шешім:

     1. 2022 оқу жылының қаңтар айынан бастап  жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржы есебінен ата-аналардың өтініштері негізінде  бір мезгіл ыстық тамақпен өзге санатқа жататын 10 отбасының   23 баласы барлығы 23 оқушы қамтылсын.


   2. Отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты 7 отбасының 10 баласы жалға алушы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен жалға алушы есебінен қамтылсын


  3. Осы аталған отбасылардың құжаттарын реттеу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Джакиповаға жүктелсін.


  Жиналыс төрайымы:                                  Ш.Тейпова


 Жиналыс хатшысы:                                    А.Абдилдаева