«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тілдер онкүндігі (Ақпарат фракциясы)
Анықтама
«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілген онкүндік іс-шара
Іс-шараның атауы: «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»
Өткізу мерзімі:2024 жылдың 5-15 қыркүйек аралығы
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, көптілділікті насихаттау, жас ұрпақ арасында тіл мәдениетін қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті дамыту.
Іс-шараға қатысушылар:Оқушылар, мұғалімдер.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
1. Мемлекеттік тілді насихаттау: Әр түрлі жастағы қатысушылар үшін қазақ тілінде ашық сабақтар және семинарлар ұйымдастырылды.
2. Көптілді білім беру: Оқушылар арасында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) эссе жазу, шығармашылық байқаулар, өлең оқу сайыстары өткізілді.
4. Тіл үйрену бойынша тренингтер: Шет тілдерін меңгеруге арналған тіл апталығы өткізілді.
5. Мәдени шаралар: Тіл күніне арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Нәтижелер:
- Іс-шаралар барысында оқушылар мен қатысушылар мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, өз ойларын ашық жеткізе алатын деңгейге жетті.
- Көптілділіктің маңызы туралы түсінік тереңдетілді.
- Қатысушылар арасында ұлттық мәдениетке құрмет күшейтілді.
Қорытынды:Онкүндік барысында өткізілген іс-шаралар мемлекеттің тіл саясатын қолдауға және жастар арасында мемлекеттік тілді дамытуға үлкен үлес қосты. Қатысушылар қазақ тілі мен мәдениетіне, сонымен қатар көптілділікке деген құрметін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/C_s4IlQIFwy/?igsh=MWc2bmsyZXBqbXJvdQ==
https://www.instagram.com/reel/C_sULx8oWLf/?igsh=Y3RmMmphdmV5ZW1r
Педагог ұйымдастырушы: Г. Камалова