«Парақорлықтың қоғам үшін зардабы» тақырыбында дебат
Хабарлама
2021-2022 оқу жылының 12- қараша күні «Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» комуналдық мемлекеттік мекемесінде , мектеп мәжіліс залында Жалпы республикалық бірыңғай Адалдық сағаты «Парақорлықтың қоғам үшін зардабы» тақырыбында дебат сағаты болып өтті. «Адалдық сағатына» 8 – 10 сыныптар мен ауыл әкімшілік аппаратынан бас мамандары А.Сарсеков пен А.Көжекбаев және мектеп ұстаздары қатысты.
Осы «Адалдық сағатының» мақсаты: Мектеп оқушыларына парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын насихаттау арқылы өмір сүріп жатқан отбасына және отанына адал азамат болуға шақыру.
«Адалдық сағатын» педагог ұйымдастырушы Г. Камалованың жетекшілігімен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері бірлікте өткізді. Бұл өткен іс- шарада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының, ұлы ақын Абайдың, Шәкәрімнің, философ Әл – Фарабидің, алаштың арысы Мағжан Жұмабаевтың, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының адалдыққа, сенімге, парасаттылыққа айтқан сөздерімен мысалдар келтіре отырып, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері өз ойларымен бөлісті. Дебат арасында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А Давлетов пен ауыл әкімшілік аппаратынан бас мамандары А.Сарсеков пен А.Көжекбаев мысалдар келтіре отырып, өз ойларымен бөлісті.