"Адалдық ардың ісі" дөңгелек үстел
«Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2024-2025 оқу жылы бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Адалдық ардың ісі»
Мақсаты:
Объектісі: жоспарланған
Субъектісі: анықтама
Орындау мерзімі: қыркүйек
Негіздемесі: 2024-2025 оқу жылы бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы бойынша жылдық жоспары негізінде шаралар өткізілді. Оқушылар біз бүгін «Адалдық ардың ісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіземіз.
Дөңгелек үстелдің тақырыбын анықтаңыз:
Дөңгелек үстел барысында жемқорлық туралы айтатын боламыз.
Өз пікірін білдіру
Мақсат қою
- сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіну;
- қоғамға неліктен қауіпті екенін түсіну;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен танысу.
Талқылау
ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тәртіптік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – сыбайлас жемқорлық белгілері бар және тәртіптік жауапкершілік белгіленетін қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылмайтын құқық бұзушылықтар.
Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – сыбайлас жемқорлық белгiлерi бар және әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн қылмыстарға жатпайтын құқық бұзушылықтар.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар -сыбайлас жемқорлық белгілері бар кінәлі түрде жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен байланысты қылмыстар –сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға кінәлі деп танылуы мүмкін адамдармен бірлесіп жасалған кез келген қоғамға қауіпті әрекеттер.
Негізгі сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қылмыстық әрекеттердің келесі түрлері кіруі мүмкін: қызметтік және өзге де өкілеттіктерді асыра пайдалану; пара алу және беру; ресми жалғандық.
Педагог ұйымдастырушы Г. Камалова