"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасының "Әжемнің ертегілері" жобасының келесі іс-шарасы » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасының "Әжемнің ертегілері" жобасының келесі іс-шарасы
18
март
2022

"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасының "Әжемнің ертегілері" жобасының келесі іс-шарасы



 

 

 

 
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы "Әжемнің ертегілері" жобасы бойынша кезекті іс-шараға "Әжелер" 3 "А" сыныпқа Наурыз тойға қонаққа келді. Әжелер Наурыз тойға құры келмей өздерінің шашуымен және Наурыз көжесімен келіп, оқушыларға, тойға келген қонақтарға дәм тартқызды.  Әжелердің түпкі мақсаты оқушыларға "Наурыз көженің" қалай жасалатыны, қандай мақсатпен жасалатыны туралы айтып, көрсетіп беру үшін келген еді. "Наурыз көжеге" қосылатын жеті тағамды көрсете отырып,
оны "Тілеу көже" деп те айтылатынын түсіндіріп,  "келесі Наурызға дейін аман болайық, Наурыздан Наурызға жетейік" деп тілеп ішетінін айтып түсіндірді.  
   Одан кейін Наурыз той жалғасып, оқушылар өздерінің дайындап келген мерекелік өлең, ән-би, қойылым және ұлттық ойындарын көрсетіп, әжелердің көңілін көтерді. соңында Қыдыр Ата өз батасын берді.