"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша мектеп залына және ауласына "Букроссинг" бұрышы жасалды. » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша мектеп залына және ауласына "Букроссинг" бұрышы жасалды.
10
сентябрь
2021

"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша мектеп залына және ауласына "Букроссинг" бұрышы жасалды.





   Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
   «Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;
   Осы мақсатпен мектеп ауласы мен мектеп залына арнайы "Буккроссинг" бұрышы жасалып, оқырмандар мен кітап арасындағы байланысты нығайту жұмыстары жүріп жатыр.