15
октябрь
2021
Мамандықтың бәрі жақсы
2021-2022 оқу жылының 15 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Джакипованың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылары арасында мамандық таңдау туралы "Мамандықтың бәрі жақсы"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін,өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін және түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру.Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру.Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру.