«Дін және қазіргі қоғам» дөңгелек үстел (құқық және тәртіп фракциясы)
Анықтама
2024 жылдың 15 қыркүйек күні 9-10 сыныптар арасында «Дін және қазіргі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты оқушылар арасында діннің қоғамдағы рөлі, толеранттылық, діни сенім бостандығы және қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі көзқарастарды талқылау болды. Шараға оқушылар, ұстаздар және дінтану саласындағы сарапшылар қатысты. Қатысушылар діннің жеке тұлға мен қоғамға әсері туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, қазіргі қоғамдағы діни құндылықтардың маңыздылығын талқылады.
Дөңгелек үстел барысында дінаралық келісім, діни экстремизммен күрес және зайырлы қоғамдағы діннің орны сынды тақырыптар қозғалды. Шара оқушылардың діни мәселелерге деген көзқарастарын кеңейтіп, қоғамдағы толеранттылық пен өзара құрмет ұстанымдарын нығайтуға бағытталды.
Педагог ұйымдастырушы: Г. Камалова