Қайырымдылық акциясы "Қайырымдылық-жылы жүректен" » Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 46-0-49
Есепші бөлімі:
+7(72778) 46-1-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

Қайырымдылық акциясы "Қайырымдылық-жылы жүректен"

Іс-шараға жауапты: Г. Камалова 

Өткізілетін күні:  10.02.2022 жыл

Өткізілетін уақыты: сағ: 12:00 

Өткізілетін орны:  Мәжіліс залы

Жүргізуші: Нұрқаділ Нұрсұлу, Суняцунова С

Іс-шараның барысы:

Тақырыбы: «Қайырымдылық – жылы жүректен»

Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру,

әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке,

бауырмалдыққа баулу.

1-Жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өткізілетін «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты акциямызға қош келдіңіздер! Жомарттық – адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.


2-ЖүргізушіЖақсылық қылсаң балаға,

Бір қайырымын аларсың.

Адамгершілік танытып,

Дұрыс жолға саларсың.

Қолында бар да көмек ет,

Тарыққан жанға ағайын.

Қол үшін бер, демеу ет,

Алладан болсын сауабы 


/Мектебіміздің оқушыларының қайырымдылыққа арнаған өлең шумақтарына кезек берейік./


1-Жүргізуші: Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.Қор жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп, жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп келеді.

Барлығыңызды «Қайырымдылық -жылы жүректен» атты акциямызға ат салысуға шақырамыз.

/Абдиманапов Ермұхаметтің орындауында «Мама»әні./

2-Жүргізуші: Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Ендеше қайырымдылыққа арналған көрінісімізді тамашалаңыздар.


 /көрініс/

1-Жүргізуші

Біз тілейміз бар бөбекке,
 Бақытты өмір сүргенін.
 Туған елге еркелеп,
 Қуанғанын, күлгенін.
 Сусынымыз қанады,
 Өнер, білім, нәрімен.
 Әлемдегі баланың,
 Дос боламыз бәрімен дей келе ендігі кезекті

 /монолог/

2-Жүргізуші:

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
 Самға биік, жалын атып жүр алда.
 Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
 Жас қырандай қанат қағып қиянға.
 Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
 Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

1-Жүргізуші:

Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

2-Жүргізуші:  Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған мектебіміздің директоры   Диқанбай Қарлығаш Тоқтарқанқызына                                                       сөз беріледі.

Қош, Сау болыңыздар!